Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты7
Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады. Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!