Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарақұйрық атқандар ұсталды

24.05.2024, 15:45 457


22 мамыр күні Арал орман шаруашылығы мекемесінің және «Охотозопром ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жұмыс сапары барысында мемлекеттік орман қоры жерінің 24 орамында жүрген мемлекеттік нөмірі жоқ «УАЗ» маркалы авткөлігін тоқтатып, тексеру барысында ҚР Қызыл кітабына енген қарақұйрық жануарының 9 бас өлі денесін тәркіледі.

Анықтау барысында заң бұзушы азамат Қазалы ауданы, Каукей елді мекенінің тұрғыны екені анықталып, оқиға орнына Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақыртылды.

Аталған дерек бойынша Арал аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: