Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қандай адамсың?

11.01.2021, 12:40 711

HALYQLINE.KZ

Қышқыл  сатира

Бүгін сайлау ғой, ерте кетейін деп көршіме кірсем, шалқасынан түсіп теледидар көріп отыр екен.

– Кеттік, дауыс береміз, – деп сұрадым мен.

– Кешірші, даусым қарлығып тұр.

– Жоқ, сайлауға барып, дауыс береміз.

– Менің даусым жоқ.

– Қандай адамсың? Дауыс бересің бе, жоқ па?

– Қандай дауыс? Қырылдақ па, сырылдақ па, ырылдақ па?

– Қандай адамсың? Бермейсің бе, не?

– Мен қашан біреуге бірдеңе беріп едім? Сараңмын ғой, өзің айтпақшы, –деген ол диванда отырып, шылымын шеге бастады. Қалай да, ертіп кетуді ойластыра бастадым.

– Қандай адамсың? Қай партияға даусыңды бересің?–деп сүрадым мен. Сыр тартып.

– Олардың қасына барып айғай салам ба? Сосын қызықсың, дауыс деген ол зат емес, ұстап тұрып: «Мә, мә!» деп бере салатын.

– Сен Қазақстан азаматысың, сайлауға барып, өз даусыңды беруің керек қой?

– Менде түк дауыс қалмады. Бұрын бар еді, көріп тұрсың ғой, сыбырлап, шиқылдап сөйлеп тұрмын. Даусым өшкен менің. Даусымды өшірді полицейлер! Биліктегілер. Митингіге шықсам болды, аузымды жабады, қолымды қайырады. Әншейін, үндемей тұрсам да солай. Қызықсың, қалай дауыс берем енді? Үнім шықпай қалған деймін, дәрігерге барып көрінсем, даусыңыз «қорқып қалған» дейді.

Мен қырсық көршіме қолымды бір сілтедім де, сайлау учаскесіне барып даусымды беріп келдім. Бере салдым. Пәлсінбей. Сіз ше?

Мұхтар ШЕРІМ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: