Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалдарбековтың қатаң тапсырмасы қандай?

23.07.2020, 16:00 436

 HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентінде орналасқан «Шипагер» емханасы мен дәріханаларды аралап, дәрілік заттардың сатылу жағдайын арнайы барып көрді.

Емхананың қызметімен танысқан соң аудан басшысы дәрігерлерге індетпен күресті күшейту қажеттігін, емделушілерге аймақтық дәрігерлер тарапынан бақылауды күшейтіп қажетті жағдайлардың жасалуы керек екендігін айтып өтті.

Кент орталығындағы дәріханаларды аралап шыққан аудан әкімі дәріхана басшылығына алдымен санитарлық талаптардың қатаң сақталуын және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, дәрілік заттар жетіспеушілігін болдырмау қажеттілігін тапсырды.

Дәріханаларды аралау барысында дәріханалар иелері аудан басшысына қазіргі уақыттағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің көпшілігі бар екендігін және тұрғындарға сатылып жатқандығын мәлімдеді. Бүгінгі күні кейбір қажетті дәрілерді алуға тапсырыс берілгендігін, жақын күндері келетіндігін айтты. Ал бұл дәрілердің орнына балама дәрілер ұсынылатынын жеткізді.

Қазіргі таңда дәріханаларға келушілер саны саябырлап азайғандығы байқалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: