HALYQLINE.KZ Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Дауылкөл, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округтері мен Жосалы кентінде орналасқан шағын өндірістік цехтарды аралап жұмыс барысымен танысты.
Аудан басшысы әуелі Мұса Оспанұлы Дауылкөл ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Шыныбекова Ақшолпанның наубайханасын аралап көрді.
Жеке кәсіпкер А.Шыныбекова «Шағын наубайхана» бизнес жобасы аясында 505 мың теңге қайтарымсыз грантын ұтып алған болатын. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының нан өнімдеріне сұранысын қамтамасыз етіп отыр.
Келесі нысан ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Оңалбай Бүркітбайдың «Мал азықтық жем-шөп дайындау цехы» бизнес жобасымен танысты. Өткен жылы жеке кәсіпкер Оңалбай Бүркітбай «Бизнес – кеңесші» оқу курсынан өтіп, бизнес жобасын сәтті қорғап шыққан болатын.
Сонымен бірге аудан басшысы «Жаңажол» ауылдық округіндегі құрылыс материалдарын өндіру цехының жұмысымен және дәнекерлеу цехының жұмысының іске асырылу барысына қанық болды.
Аталған цехтар өткен жылдың наурыз айында жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда тұрғындарға қажетті құрылыс бұйымдарын шеге, тор сым тағыда басқа қажетті өнімдермен қамтамасыз етуде.
Аудан әкімі Жосалы кентіндегі шағын кәсіпорындарды аралау барасында жеке кәсіпкер М.Қалбаевтың пластик терезелер мен есіктер шығару цехының жұмыс барысын көрді.
Сонымен қатар, Жосалы кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Елубаев Әмиттің цехында болып, кәсіпкердің жоспарымен танысты.
Өткен жылы жеке кәсіпкер Елубаев Әмит қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында «Жиһаз цехын ашу» бизнес жобасын сәтті қорғап шыққан болатын. Қазіргі таңда бизнес жобада көрсетілген құрал-жабдықтарды сатып алып 4 азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Өткен жылы барлық кент, ауылдық округтерде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, өндіріс пен қызмет көрсету бағытында кәсіпкерлік жобаларды іске асыру міндеті жүктелген болатын.
Еліміздің экономикасының қозғаушы күшінің бірі шағын кәсіпкерлік саласы екендігі белгілі.
Осы ретте, аудан әкімі Мұса Оспанұлы кәсіппен айналысуға ниет білдіргендерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығын тілге тиек етіп, халықты отандық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!