HALYQLINE.KZ Биыл Қызылөзек ауылдық округінде 8 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 3 нысанға «Жұмыспен қамту жол картасы» негізінде қаржы бөлінген. Аталған 3 жоба аясында 60 адам жұмыспен қамтылған. Бөлінген қаржы есебінен Қараөзек бекетінің 2,5 шақырымды құрайтын орталық жолына орташа жөндеу жүргізіліп, асфальт салынса, 1,5 шақырым Жабаев көшесіне қиыршық тас төселуде. Бағдарлама аясында бекеттің жол мәселесімен тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесі оң шешімін тауып жатыр.
Жүзеге асқан жобалар
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерде 2013-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында барлығы 7 дәрігерлік амбулатория салынды. Әріптестік негізінде жүзеге асқан жобаның бірі – Қызылөзектегі дәрігерлік амбулатория. Билік өкілдері өткен жылы бой көтерген амбулатория жұмысымен танысып, ем алушылармен тілдесті. Мұндағы тұрғындардың дәрігер керек деген өтінішін қала әкімі назарға алып, сала басшыларына мәселені тез арада шешуді тапсырды.
Елді мекендегі ілкімді істердің бірқатарымен танысқан делегация одан кейін Талсуат ауылдық округіне аялдады. 2500-ге жуық тұрғыны бар Талсуатта биыл 8 көше күрделі жөндеуден өтуде.
Басымдықтың қаланың шет аймақтары, қалаға қарасты ауылдық округтермен кенттерді дамытуға бағытталғанын айтқан қала әкімі Қызылорда қаласына қарасты 2 кент, 7 ауылдық округте кіреберіс жолдары, негізгі қоғамдық көлік жүретін көшелері, балабақшаға, мектепке қатынайтын жолдарының барлығы асфальтталып, жаяу жүргінші жолдары салынып жатқанын жеткізді.
Мәселен Талсуатта биыл 3,3 шақырымды құрайтын төрт көшеге «Жұмыспен қамту жол картасына» сай қаржы қаралған. Ал бір көше «Өңірлерді дамыту» бойынша жөнделуде. Сонымен қатар демеушілік есебінен 3 көшеге асфальт төселетін болады.
Күрделі жөндеудің қарқыны
Ағымдағы жылы Қызылорда қаласына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдармасына сай бөлінген қаражат есебінен 98 жоба жүзеге асырылуда. Басымдық жол жөндеу және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарына берілген. Бұл жобалар бойынша қала тұрғындары үшін қосымша 4523 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылғандар 80 пайызға жетіп отыр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы қаралып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысанның бірі – «Локомотив» стадионы. Нысан соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен. Бүгінде тозығы жетіп, қайта жаңғыртуды қажет еткен стадион ғимаратын жөндеуге тараздық «АгроспецСтрой» мекемесі жауапты. Мердігер 33 адамды жұмыспен қамтыған. Қазіргі таңда стадионды дренажды суару жүйесі салынуда. «Стадион қыркүйек айында жаттығуды бастап кетуге толығымен дайын болады» – дейді жауаптылар.
И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық жоғарғы колледжінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 112 адам жұмысқа қабылданған. Жоба негізінде оқу орнының шатыры, терезесі ауыстырылып, хас беті әрленіп, жылу құбырлары жаңаланады. Сонымен бірге 5200 шаршы метрді құрайтын ғимарат ауласына жаңадан брусчатка төселеді.
Тасбөгеттегі толымды тірліктер
Тасбөгет кентінде 70 пайыздан астам көше толығымен асфальтталған. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы мен Қызылорда қаласы әкімі Н.Нәлібаевтың «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру барысында Тасбөгет кентінің әкімі мәлімдеді.
Қала іргесіндегі кентте биыл 3,9 шақырымды құрайтын 3 көше күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта тас төсеу жұмыстары аяқталып, негізгі жұмыстар басталған. Күрделі жөндеу Т.Батыршаев, Сырдария, Ж.Бәкішов көшелерінде жүргізілуде.
Сонымен бірге кент орталығында тренажорлық және стритболдық ойын алаңының құрылысы да аяқталды. Спорттық алаң жаттығу құралдарымен толық қамтылған. Стритболға арналған арнайы алаң да соңғы үлгідегі спорттық құралдармен жабдықталған.
Айта кету керек, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларына 30 ойын алаңының және қала аумағынан 3 жерге спорттық-жаттығу алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 60 ойын алаңы қайта жаңғыртылуда.
Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаламыз жыл санап көркеюде. Халық үшін атқарылып жатқан сапалы жұмыстарға қала тұрғыны ретінде Алғысымды білдіремін!!!