Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала бюджетінің игерілуі талқыға түсті

21.09.2020, 10:45 404

HALYQLINE.KZ  Өткен аптада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – қала бюджетінің мерзімінде және сапалы игерілуі. Жыл басында бекітілген қала бюджетінің көлемі 68,9 млрд теңгені құраса, бүгінгі күнге республикалық, облыстық бюджеттерден қосымша бөлінген қаржылар есебінен қала бюджетінің көлемі 95,8 млрд теңгеге ұлғайды. «Қала бюджетінің мерзімінде және сапалы игерілуі» бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы Сейтмахан Айменовтың жасаған баяндамасына сәйкес, 2020 жылдың 8 айдың қорытындысымен Қызылорда қаласының кіріс бөлігі жалпы 105,5 пайызға орындалған. Алайда баяндамашы қаржыны игеру бойынша жұмыстардың ақсап тұрғанын, бұл ретте бірқатар салалар бойынша кедергілер барын алға тартты. Қала әкімі бөлім басшысының жұмысын сынға алып «қаражатты игеру үшін сылтау іздемей, жұмыс істеу керек» – деп, қадап айтты. Сонымен бірге қазан айына дейін жоспарға сай қаржыны игеру мақсатында қарқынды жұмыс істеуді бұйырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2020 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер. Бұл туралы толығырақ қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлады. Бөлім басшысының баяндауынша экономикалық тұрғыдан қалада тұрақты жағдай қалыптасуда. Бірқатар көрсеткіштер бойынша өсу тенденциялары байқалады. 2020 жылдың қаңтар – тамыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 326 971 млн теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 85,4 пайызға жетті. Өңдеуші өнеркәсіп саласынының көрсеткіші 100, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің индексі 102,9, бөлшек сауда көлемі 98,3 пайыз болса, шағын кәсіпкерлік саласында 2020 жылдың 1 қыркүйегіне қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 25 819 бірлікті, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 244 429 шаршы метрді құраған.

8 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына қатысты хабарламаны тыңдаған шаһар басшысы пайыздық көрсеткіштері төмен салаларда жұмыс тиімділігін арттырып, ай соңына дейін 100 пайыздық нәтиже көрсетуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: