Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат төрағасы, аппарат басшысы, қала әкімі құрылыс нысандарын аралап шықты.
Алдымен «Жаңадария», «Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы көпірлерді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. «BSJ инжиниринг» ЖШС «Жаңадария» каналындағы көпірді жаңғыртуда. Осы көпірмен тұрғындар «АвтоЦонға», «Қорқыт ата әуежайына» Амангелді, «Бесарық», «Иіркөл», «Қоғалыкөл», «Жетікөл», «Айдарлы» елді мекендеріне, қала маңындағы саяжайларға қатынайды.«Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы жұмысты «Жылу 21» ЖШС қолға алған.
Сонымен қатар, 13,5 шақырым автокөлік жолын төрт жолақты етіп қайта жаңғыртуға бюджеттен қаржы қаралып, құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс аймағы қоршалып, каналдың арнасына су өткізу құбырлары салынды.
Одан кейін “Өнер орталығындағы», Н.Бекежанов атындағы драма театрдағы, Шығармашылық-инновациялықтағы жұмыс барысы тексерілді. Аталған орталық қолданысқа берілгеннен кейін балаларға спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағытта қызмет көрсетеді. Волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдарында, соңғы үлгідегі бассейнде жаттығу мүмкіндігі жасалады.
Әрі қарай, 2023 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылысымен танысты. Жоба бастамашысы «Қызылорда Нан» серіктестігі 3,8 млрд теңгеге аумағы 6166 шаршы метр нысан салуда.
Қалалық мәдени және демалыс паркінде кең көлемді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Демонтаж жұмыстары толық аяқталып, субұрқақтардың орны дайындалуда.
Сонымен қатар, кірпіш, шыны зауыттары, жаңа стадион, физика-математика мектеп-интернаты, облыстық тарихи-мәдени мұра орталығы, музыкалық колледж ғимаратының құрылыс барысы да назардан тыс қалмады.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!