Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

19.08.2025, 16:55 201

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша қала әкімінің орынбасары болып Алмасхан Сматлаев тағайындалды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Әкім орынбасары экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етеді.

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін «экономика» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді. 2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сынды әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

Бүгінге дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: