Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі Сол жағалаудағы құрылыстарды аралады

22.11.2021, 9:45 323

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Ғанибек Қазантаев сол жағалау ауданындағы №4-ші тұрғын кварталына барды. Мұндағы мақсат – кварталаралық инженерлік-инфрақұрылым құрылысының жүргізілу барысын көру. Бұл аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы және ішкі жылу желілерін қамтуды жауапкершілігіне алған мердігер мекеме «Механизатор» ЖШС-і жоспардағы жұмыстың басым бөлігін орындаған. Алдағы аптаның аяғында аталған шаруаның соңғы кезеңдерін толығымен аяқтайды. Шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлы серіктестік директорына бастысы сапаны талап ететіндігін жеткізді. Көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілуде.

Мердігер мекеме «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС үй арасына бардюрларды орнатып, асфальт және брусчатка төсеп, балалар ойын алаңдарын салған. Ендігі жұмыс шағын сәулет нысандарын қою. Қала әкімі Ғанибек Қазантаев осы аумақтың болашақ тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатындағы игілікті істе кемшілік болмауы керек деп, мердігер мекеме басшысына жобаны мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Осы ауданнан апатты деп танылған үйлерде тұрып жатқан азаматтарға 50 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынуда. Нысанның құрылысы желтоқсан айында толығымен аяқталып, пәтер кілті табысталады. Үйдің пәтерлерін аралап көрген Ғанибек Қонысбекұлы жақын күндері қоныстойын тойлайтын тұрғындардан құрылыс сапасына қатысты арыз-шағымның түспеуін және жауапты мекеме басшыларына жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы қатаң бақылауында болатындығын ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: