Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі қызметінен кетті

12.02.2026, 11:45 33

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 1 жыл 2 ай атқарған, деп жазады halyqline.kz тілшісі. inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Оның айтуынша, шешім денсаулығына байланысты қабылданған.

«Денсаулығыма байланысты өз қызметімді аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім маған оңайға соққан жоқ. Денсаулығыма байланысты біраз уақыт еңбек демалысында болдым. Денсаулық жағдайы қызметтік міндеттерімді толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды дұрыс деп санаймын», – деп жазды ол.

Фото: gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: