Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

21.01.2020, 9:52 523

2020 жылдың 15 қаңтарынан бастап қала әкімі Н.Нәлібаев жылдағы дәстүрмен қалаға қарасты кент, ауылдық округтердегі халық алдындағы есеп беру кездесуін бастаған болатын.

Кеше осы есеп беру кездесулері аясында арнайы қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. «Құқық қорғау қызметтері орталығында» өткен қоғамдық қабылдау таңғы сағат 09.00-ден бастап, үзіліссіз 16:00-ге дейін жалғасты.

Бұл жолғы қабылдауға 200-ге жуық қала тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.

Қала әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен мәселелерді мүмкіндігіне қарай дер кезінде шешілуіне ықпал жасаса, кейбір уақыт қажет ететін мәселерді толық зерделеп, заңдылығы бойынша орындау үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Бұл қабылдауға мәселелерінен бөлек, алғыстарын айта келген тұрғындар да жеткілікті болды.

Солардың ішінде, 2006 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған Серікбаева Гүлжан есімді қала тұрғыны баспана мәселесінің шешімін тапқанына риясыз алғысын білдірсе, Смағұлова Диана мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандырып жүрген қала басшылығына рақметін айту үшін арнайы келген. Қызылжарма ауылдық округінің тұрғыны Нұрман Рысбай ауылдағы электр желілері қайта жаңғыртылып, жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын қуана жеткізді.

Жалпы, соңғы 2 жыл көлемінде әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастыру игі дәстүрге айналған.

Айта кету керек, «Ашық әкімдік» жобасы аясында қала әкімі «Құқық қорғау қызметтері орталығынан» бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілігіне қарай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып отырады.

Қалалық ішкі саясат бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: