Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

28.01.2022, 15:21 226


«Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, қарашада өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын. Ол партияны ел Президенті басқаруы керек екенін айтқан болатын. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай кейінірек Тұңғыш Президенттің шешімі билік транзитінің заңды жалғасы ғана екенін айтты.

Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс съезінің күн тәртібін жарияланған болатын. Партияның кезектен тыс XXI съезінде Nur Otan партиясының төрағасы сайланатыны айтылған еді.

19 қаңтарда Мәжіліс Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын конституциялық заңдарға түзетулерді қабылдаған болатын. Енді бұл құқық еліміздің қазіргі Президентіне тиесілі.

Сондай-ақ, 27 қаңтарда Сенат депутаттары мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюды ұсынды. Бұл норма «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңда нақты көрсетілген. Ол Мәжілістің бекітуіне жіберілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: