Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Жолдау сағат 11:00-де республикалық телеарналардың, сондай-ақ akorda.kz ресми сайтының, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!