Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент «QazaqGaz» басшысымен газ саласындағы жобаларды талқылады

13.01.2026, 18:19 21

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады. Кездесуде компанияның өткен жылғы жұмысы мен газ саласында жүзеге асырылған негізгі жобалардың нәтижелері таныстырылды.

Әлібек Жамауов газ тұтыну көлемінің өсуіне байланысты геологиялық барлау, газ өңдеу қуаттарын арттыру және инфрақұрылымдық құрылысқа басымдық беріліп отырғанын айтты. Астана қаласы мен агломерациясын газбен қамтуға ерекше назар аударылуда.

Оның айтуынша, былтыр 112 елді мекенге газ жеткізіліп, шамамен 400 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген. Талдықорған – Үшарал газ құбыры жоспардан 1 жыл 4 ай бұрын іске қосылып, Жетісу облысындағы 84 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өңірдегі газдандыру деңгейі 76 пайызға жеткен.

Сондай-ақ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісі, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Жамбыл облысындағы «Малдыбай» және Амангелді тобына кіретін «Бархан» кен орындарындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берілді. Газ саласында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытындағы жобалар да таныстырылды.

Кездесу қорытындысында Президент жылыту маусымында халық пен өндіріс орындарын газбен үздіксіз қамтамасыз етуді, сондай-ақ саланың ресурстық базасын нығайту мен цифрландыруды жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: