HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында өзіне қатысты мақтауларға қатысты көзқарасын айтты.
«Мен үшін жағымсыз. Себебі мен мақтау одалары жоқ жерде тәрбиелендім. Мен былай айтар едім: менде мұндай мәлімдемелерге өмірлік, табиғи иммунитет бар. Бірақ біздің интеллигенцияны өзгерте алмайсың. Олар басқаша тәрбиеленді. Бара-бара жойылады (мақтау айту туралы – авт.). Жалпы интеллигенция мәселесіне келсек, бұл өте күрделі. Жазушы көп. Өздеріңіз білесіз, қазіргі жастар көркем әдебиетке көп қызыға бермейді, әсіресе заманауи көркем әдебиетке. Қазір жұрт TikTok қарап, фейсбук оқиды. Оның үстіне бір беттен арыға бармайды. Оларға әрдайым ақпарат керек. Кейде мәтіндік емес, визуалдық ақпарат керек. Проблема осында. Өкінішке қарай ма, әлде бақытымызға орай ма, біз де сол өмірге бейімделуіміз керек», – деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
Президенттің сұхбаты «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!