HALYQLINE.KZ –| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.
– Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Жеңіс және Жаңатұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін Премьер-Министр А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!