Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», – делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Сонымен бірге Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.
Көрнекі сурет vlast.kz сайтынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!