Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

01.09.2022, 10:25 468

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын.

Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы керек», – деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: