Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент: Арал мәселесі халықаралық экология саммитінде кеңінен талқыланады

20.01.2026, 12:31 35

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне ерекше тоқталып, Кіші Аралды қалпына келтіру бүкіл Сыр өңірінің экологиялық және әлеуметтік ахуалын жақсартуға серпін беретінін айтты.

Президенттің айтуынша, су мәселесімен жүйелі әрі халықаралық деңгейде айналысу қажет. Осы бағытта Қазақстан бастамашы болып, ірі халықаралық алаңдарда нақты ұсыныстар көтеріп келеді.

— Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Кіші Аралдың су деңгейін арттыруға нақты мүмкіндік бар екенін атап өтіп, оның қалпына келуі аймақтың табиғи келбетін жақсартып қана қоймай, Сыр өңірінің дамуына да оң әсер ететінін жеткізді. Президенттің пікірінше, Аралды сақтап қалу мәселесі тек ұлттық емес, халықаралық жауапкершілік аясында қаралуы тиіс.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: