Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент әлемдегі ең бай адамдардың бірін қабылдады

13.12.2022, 14:55 420

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын айтты.

Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

Айта кетейік, Гаутам Шантилал Адани – Bloomberg басылымы бойынша, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында тұрған үнді миллиардері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: