Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Премьер-министр отставкаға кетті

08.09.2025, 9:51 233

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кеткенін мәлімдеді. Бұл шешім оның жетекшілігіндегі Либерал-демократиялық партияның парламенттік сайлауда жеңілуінен кейін қабылданған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Журналистердің жазуынша, Исибаның бұл қадамы билеуші партия ішіндегі алауыздықты болдырмауға бағытталған.

Премьер-министр жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында өзінің қызметінен кетуіне АҚШ-пен сауда келіссөздерінің сәтті аяқталуы да әсер еткенін атап өтті.

Айта кетейік, жазда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Жапонияға қысым жасап, 1 тамызға дейін сауда келісіміне келуді талап еткен еді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, Жапонияның ең ірі экспорттық нарығына 25 пайыздық тариф енгізілетіні ескертілген.

Исибаның сөзінше, ол премьерлік қызметіндегі басты міндет ретінде жапон-америкалық сауда мәселесін реттеуді көздеген. Өткен аптада Вашингтонмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған соң, ол отставкаға кету жөнінде шешім қабылдаған.

Фото: bbc.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: