Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаменті бүй дейді

14.04.2021, 12:00 397

HALYQLINE.KZ Жыл басынан 64 жол көлік оқиғасында 20 адам қайтыс болып, 90 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуы.

Жолда жүру ережелерін бұзу деректерін анықтауда «Азаматтық патруль» белсенділігін арттыру қажет. Полиция бекеттерімен қамтылмаған жерлерде жол ережесін бұзуды, азаматтық белсенділік танытып, фото бейнеге түсіріп, анықтаған деректер бойынша қатысты тиісті шара қолданылады (фото, видеода міндетті түрде күні, уақыты көрсетілуі тиіс). Деректерді құқықбұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасына хабарлауларыңызға болады.

Қазір, мектеп оқушылары офлайн форматтағы оқуға көшуіне байланысты, білім беру орындары аумағында балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ювеналды полиция және патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары баршаңыздан белгіленген жылдамдықты асырмауға (592 б.-9774), қарсы бағытқа шықпауға (596/3 б.-59), автокөлікті мас күйде басқармауға (608 б.-203), яғни жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: