Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Партия белсенділері марапатталды

07.03.2025, 7:15 384

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында партия филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев белсенді партияластармен кездесті. Басқосуда филиал төрағасы өткен жылы партия бастамасымен қолға алынып, жемісті нәтиже көрсеткен бірқатар жобалардың іске асуына тоқталды.

Партия тарапы азаматтардың әл ауқатын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құқықтық көмек» жобаларын қарқынды жүргізуде. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қаржылық сауаттылығын арттыру, тегін заңгерлік кеңестер мен әлеуметтік көмек түрлерін көрсетуде маңыздылығын айқын көрсетті.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында партия филиалының төрағасы нәзік жанды аруларға белсенді қызметі үшін алғысын білдіріп, партия атынан марапат табыстады.

Биылғы мереке қарсаңында партия тарапы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы маман» иелерінің еңбегін ескеріп, қоғамға дәріптей отырып, марапат төріне шығарды.

Бүгінде қаламызда 13 мыңға жуық партияластарымыз болса соның 9 000-ы нәзік жанды арулар. Қоғамдық негізі бар бастамаларда белсенділік танытып жүрген партияластарымыз мереке қарсаңында ізгі лебізін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: