Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парламенттің жаңа спикері сайланды

13.02.2026, 11:35 48

Қырғызстан Жогорку Кеңешінің жаңа төрағасы болып депутат Марлен Маматалиев сайланды.

Марлен Маматалиевтің кандидатурасын парламенттегі «Ала-Тоо» және «Элдик» депутаттық топтары ұсынған, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

83 депутаттың 77-сі қолдады,
5 депутат қарсы дауыс берді.
12 ақпанда парламент отырысында бұрынғы тораға Нурланбек Тургунбек уулу өз еркімен қызметінен кеткенін жариялаған еді.

Бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылық құрамында ауқымды өзгерістер болғаны хабарланған.

Сондай-ақ:

Президент жанынан Мемлекеттік күзет қызметі құрылды;
Шекара қызметі ГКНБ құрамынан шығарылып, дербес құрылым – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды.

Фото: kabar.kg

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: