Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

27.06.2025, 10:25 216

Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Жиында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдайды.

Бұған дейін әуелі Мәжіліс депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы бюджеттің игерілуі туралы есебін бекіткен болатын. Дегенмен 17 депутат Үкіметтің 2024 жылғы бюджет есебін бекітуге қарсы дауыс берген еді. 

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Қазақстанның бюджет тапшылығы 10 жылда болмаған абсолюттік мәнге жекенін айтқан еді. 

Ал Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкімет бір жылдың ішінде бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет, табыс бөлігін 3 рет өзгерткенін айтып, Қаржы министрі Мәди Тәкиевке бюджетті шағын топпен жоспарлауды қою керектігін ескерткен еді.

Отырыста Конституциялық Сот төрағасы «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде мәлімет береді. Сондай-ақ, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалады.

Жиында Қазақстанның орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы тақыланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: