фото ашық дереккөздерден алынды
Бұған дейін “Қанды Қаңтар” алдындағы газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды. Бұл туралы Dauletten.kz ақпараттық-танымдық парталына HALYQLINE.KZ сайты сілтеме жасап хабарлайды.
Мұнай және энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қоғамдық көліктегі шынайы баға кемі 500 теңге болуы керек. Оның сөзінше, нақты нарықтық баға мен ашық бәсекелестік орнамайынша, жолаушылар тасымалының сапасы жақсармайды.
Тасымалдаушылар да өз уәжін келтіріп отыр: жол жүрудің өзіндік құны шамамен 345 теңге, ал олар үш жыл бойы субсидия алмай келеді. Байділдинов мұндай субсидиялар жүйесі әлдеқашан “тиімсіз” болғанын айтады.
Айта кетейік, дәл осы сарапшы 2022 жылдың қаңтарында да сұйытылған газ бағасын көтеруді қолдап сөйлеген. Сол бастама ел ішіндегі жаппай наразылықтар мен қайғылы оқиғалардың алғышартына айналған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!