«Саясат – жоқты бар ету өнері» дейді Отто фон Бисмарк. Саясатпен бәріміз де айналысамыз. «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген афоризм де бар. Яғни, өмірдің өзі, әсіресе қазіргі қоғам саясатпен айналыспауыңа қоймайды. Мемлекеттің ішкі немесе сыртқы саясатта жіберген саяси қателігі сол елдің әлсіреуіне әкеп соқтырады. Сондықтан қандай да бір қимыл-әрекетке кірісуден бұрын практикалық және теориялық терең саяси білімге ие болу керек. Орта ғасырда Осман империясының сұлтаны Баязиттің бір ғана сыртқы саяси қателігінен 1402 жылы Анкара маңында Әмір Темірден оңбай жеңіліп талқандалуы империяның күйреп, оның одан ары өркендеп дамуын бәсеңдетті. Ал қазіргі халықаралық саяси қиын жағдайда әрбір ел әліне қарап өз орнын дұрыс тапқаны жөн.
Тарихқа қарасаңыз, украиндықтар мен орыстар бізге жақын бауырлас халықтар болады. Сондықтан біз Ресей мен Украина екіаралық геосаяси проблемасын өзара татуласып, сындарлы саясатпен шешімін тапқанын қалаймыз. Енді осы проблеманың негізгі себебі болған Қырым түбегіне келсек, ол түбек бұрыннан Ресей Федерациясы құрамында болып, соғыстан кейін кеңестік кезеңде Украина жағына өткен еді. Шындығында бұл Қырым түбегін Ресей күшпен тартып алған жоқ. Яғни сол түбек халқының ынтасы бойынша қайта қабылдады. Ал Түркия президенті Р.Эрдоғанның бұл мәселеге килігіп, оны қайта қоздыруы нағыз саяси сауатсыздық болады. Бұл жерде Эрдоған алданып, өз нашарлығы мен сенімсіздігін танытты. Дұшпанның күткені де осы еді. Әрине, бұл – солардың ісі. Көршімен сыпайы болу керек ғой.
Біздің тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындаған – бауырлас Түркия елі. Дегенмен Кеңестік республикалар қатарында негізгі тәуелсіздікке ие болған – Ресей Федерациясы. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген барлық республикалар дұрыс түсінуі керек. Енді біз, тәуелсіз елдер өз ұлттық тәуелсіздігімізді нығайту үшін Ресейді қолдап-қуаттауымыз қажет. Бұл барлық тәуелсіз елдер үшін ең ұтымды жол болады. Ал Израиль агрессиясын қолдаған мұхиттың арғы жағындағы Америкадан гөрі Түркияға жақын бауырлас Ресеймен де экономикалық байланысқаны аса тиімді.
Таяу Шығыста Израиль агрессиясына қарсы араб елдері соғысып жатқан кездері кеңестік халықаралық саяси шолушы, журналист Александр Каверзнев «Басып алған жердегі палестиналықтарды ұстап алып атып тастайды немесе елінен сыртқа шығарып жіберіп жатыр. Себебі олардың әйелі көп бала туады» деген еді. Ал қазіргі Сириядағы аласапыран кезінде миллиондаған сириялықтар елден сыртқа шығып кетті. Яғни А.Каверзневтің сөзіне қарағанда бұл жолы әуелі Сирияның аласапыранын шығарып әлсіретіп, оның халқын сыртқа шығарып жіберуден бастаған көрінеді. Біздер болсақ, бүгінге дейін екінші дүниежүзілік соғыстың барлық айыбын Адольф Гитлерге артып, Германияны босқа қаралап қателескен сияқтымыз. Бұл соғыс ортаға араласып сәтті пайдаланған айлакерлердің ісі екені әбден анық. Әттең, елу миллиондай халық құр босқа қырылып кетті. И.Сталин мен А.Гитлер Ирак президенті Саддам Хусейнге ұқсап жаудың алдауына түсіп қалған екен. Әйтпесе бүгінде Таяу Шығыста ешқандай соғыс болмай, әлем тыныш болар еді.
Ресей мен Сирия – бұрыннан байланысы бекем бауырлас ел. Сондықтан Ресей мемлекеті Сирия мемлекетінің сұрауы бойынша елді бүлдіріп жатқан лаңкес, дұшпанға, жалған исламшыларға қарсы күресіне көмек қолын созуға толық хақы бар. Ал Эрдоған болса Сирияға «Идлибден әскерді алып шығып кет» дейді. Жоқ. Бұл Сирияның ішкі ісіне араласуы болады. Керісінше Түркия өз әскерін Сириядан шығаруы керек. Сирия елінің рұқсаты болмай Түркия мен АҚШ әскерінің ол елге кіруі агрессия саналады.
Араб елдері Израиль агрессиясына қарсы күресіп жатқанда да Түркия елі агрессормен байланысын үзбеген жалғыз мұсылман болды. Бүгінде ол бұл қатесін тым кеш түсінді. Ал Р.Эрдоғанның Сириядағы лаңкестерге еткен көмегі – аса қауіпті әрекет. Яғни биік өскен ағаштың бұтағына шығып, өзі отырған сол бұтақты түбінен кесіп жатқан сияқты.
Түркияның Сирияға кіріп, жалған исламшылдарға көмектесуі оның айлакер дұшпанның алдауына түсіп қалғанын байқатады. Мұны кейін түсінеді. Бірақ тағы да тым кеш болады. Әркім өз елінің тізгініне өзі ие болуы керек. Түркия елі экономикалық жағынан дамып келеді. Оны алдап, көгертпей, көктей солдыруы мүмкін. Сыртқы саяси қателік мемлекетті күйретеді. «Сенбе досыңа…» деген бар. Біртіндеп Ирак, Ливия, Сирия инфрақұрылымын жойды. Ендігі кезек Түркияға келмесе деймін. Сондықтан қазіргі Сирия мен Ливия жағдайында Түркияның кенет арқаға шегінуі өте ақылды, стратегиялық ұтымды нұсқа болар еді. Ал біз қазақ елі мен Ресей екі полюсті ажырамас бір жұп боламыз. Сондықтан Түркия да Ресей Федерациясымен де көршілік қадірін нығайтуы керек.
АҚШ – экономикалық дамыған қуатты ел. Бірақ оның кез келген елге санкция жариялауы өзіне кері әсер етуі әбден анық. Ал санкция жарияланған ел болса, өзінше экономикалық дамып, басқа елдермен байланысын арттыра береді. Қазіргі жағдайда Америка әрдайым озық экономикалық алпауыт қалпын сақтап қалу үшін ешбір елдің ішкі ісіне араласпай және идеологиялық, саяси-қоғамдық құрылысына қарамастан экономикалық байланыса бергені жөн. Американың тек өз жағдайын ғана ойлап әділ болуы оның одан ары дамуына ықпал етеді.
Түркия мен Батыс елдерінің Американың байбалам санкциясынан қорқып, оған көніп жол беруі өз тәуелсіздігін жоғалтқаны болады. Санкциядан қорықпай, экономикалық жүйені қайта құрып, бәрін жаңадан бастап, қайта дамып, қырық жыл қырғын болса да қыңқ етпейтін тәуелсіз ел болуы әбден мүмкін. Әйтпесе мәңгі сыртқа тәуелді болып, барлығынан айырылып отыра береді. Ресей әскерін Белоруссияға кіргізіп, оны Батыс агрессиясынан қорғамақ ниетін білдірген еді. Бірақ А.Лукашенко бұған келіспей, қару берсе, өзі қорғана алатынын айтты. Міне, бұл – өте тәуелсіз саясат. Ал Америка болса Түркияға әскери базасын орнатып, оған қару да бергісі жоқ. Сондықтан Түркия өз әскерін Сирия мен Ливиядан алып шығып кеткені орынды саясат болар еді. Түркия ынтымақшыл тәуелсіз ел болуы керек.
Бекназар ӘБСАДЫҚОВ,
Қызылорда қаласы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!