Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзекті мәселелер талқыланды

16.09.2024, 9:15 326

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты мекеме басшыларының қатысуымен арнайы мәжіліс өткізді.

Жиында тазалыққа, коммуналдық қызметтердің үздіксіз көрсетілуіне, қоғамдық көліктің уақытылы жүруіне қатысты мәселелер талқыланды.

Аймақ басшысы аталған бағыттарға ауқымды қаражат бөлінгенін, жан-жақты қолдау көрсетілгенін қаперге салды. Енді осының қайтарымы ретінде халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетілуі тиіс. Салынған нысандар сапалы болуы керек. Ауа райының қолайсыздығынан ғимараттар зақымдалса, мердігерлер жауапкершілікке тартылады.

«Күз мезгілі күшіне мініп, күн салқындап келеді. Осындай кезде оқушылар қоғамдық көлікті ұзақ күтіп қалмауы керек. Жаңғыртылу сатысындағы жолдардың мерзімінде аяқталғаны маңызды»,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Әрбір мәселені жеке-жеке саралаған облыс әкімі тиісті басшылардың тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауын ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: