Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірлік кадр резервтерін іріктеу жобасына қатысты жиын өтті

07.02.2024, 15:45 281

Бүгін басқарма басшысы Алмасбек Есмаханов басқарманың 35 жасқа дейінгі қызметкерлеріне ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде бастау алатын Өңірлік кадр резервтерін іріктеу жобасына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиында басқарма басшысы жобаның мақсаты мен талаптары және іріктеуден өтетін азаматтарға берілетін мүмкіндіктерге тоқталды.

«Қатысушыларға қойылатын негізгі талап – 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Кадр резервіне іріктеудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметке өз білімі мен тәжірибесін, жаңа идеялары мен жобаларын қолдана алатын талантты жастарды тарту. Өңірлік резервке алынған азаматтар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады», – деп атап өтті Алмасбек Әбілқасымұлы.

Басқарма басшысы жобаның жастарға үлкен қолдау екенін айтып, белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, Өңірлік кадр резервіне бес іріктеу кезеңінен кейін ең жоғары балл жинаған 10 үміткер таңдалады.
Мемлекеттік кадр резервіне өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: