HALYQLINE.KZ Биыл аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде оң қарқын қалыптасты. Айталық, жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің өнімі 8,5 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімдері 0,3 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29,5 пайызға өсті. Ал, биыл облыс экономикасына 350,7 млрд.теңгеден астам инвестиция салынса, оның 70 пайызы жеке инвестициялар. Жалпы өңірге инвестиция тарту көлемі өткен жылмен салыстырғанда 31,3 пайызға артық орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл индустрияландыруды дамыту аясында 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда оның үшеуі іске қосылып, өз өнімдерін нарыққа шығаруда. Атап айтқанда, 23,4 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех, 630 тонна күріш ақтайтын цех, 1056 тонна балық ұнын өндіретін цех өз жұмысын бастады. Ал, жыл соңына дейін жылына 1500 тоннаға жуық құс етін өндіретін «Қармақшы құс» фабрикасы мен 324 тоннадан астам балық өңдейтін «Тұрған-тамы» цехы іс қосылмақшы. Сонымен қатар брифинг барысында өңірдегі құрылыс саласының көрсеткіші мен пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар туралы айтылды.
– Биыл облыста бірқатар әлеуметтік нысандардың іргетасы қаланып, ел игілігіне берілді. Нақтырақ айтсақ, 12 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 5 мәдениет және спорт нысандары салынды. Сондай-ақ, қан орталығы мен неке сарайы және 1000 орындық Өнер сарайының құрылысы басталды. Бюджеттен тыс көздерден Арал ауданының Тоқабай кентінде 100 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында облыста 80 балалар ойын алаңы салынып, қаламызда «Аналар үйінің» іргетасы қаланды. Ал келесі жылы қалада бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухана және 200 төсектік перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратын салуды жоспарлаудамыз. Сонымен қатар 27 дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункттер салынып, ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының мәселесі шешілетін болады. Қаламыздың сол жағалауында Оқушылар сарайы және 7 мың адамға арналған жаңа орталық стадионының құрылыс жұмыстары басталады, – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!