Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өліп жатыр, өліп жатыр…

28.05.2025, 15:55 271

HALYQLINE.KZ

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог: «Президент Трамп дұп-дұрыс айтады: Соғысты, қырғынды, өлімді тоқтату керек! Сандарға көз жүгіртсеңіз, шошисыз. Қос тараптың адам шығыны 1,2 миллион адамнан асып жығылады», — деді.

«Вёрстка» басылымы да Ресейдің соғыстағы адам шығынына қатысты мынадай мәліметті жария етті: «Украинамен соғыста ең кемі 300 мың ресейлік қаза тапқан. Ресейдің Еңбек министрлігі соғыс басталғанан бері қаза тапқан жауынгерлердің отбасы мүшелеріне арналған 300 мыңнан астам куәлікке тапсырыс берген. Бұл есепке хабар-ошарсыз кеткендер мен отбасыларына өтемақы төлемеу үшін белгіленбеген бейіттерге жерленгендер кірмейді», — деп жазады басылым.

«ВВС» агенттігі мен «Медиазона» жүргізіп жатқан есеп бойынша Ресейдің соғыста өлген адамы 108 мыңнан асады. Бұл – аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы анықталғандардың ғана есебі. Осы 108 мыңның 5037-сі – Ресей офицерлері. Оның ішінде 10 генерал бар.

Ұлыбритания барлауы да Ресейдің соғыстағы адам шығынына қатысты өз деректерін жасап, жариялап келеді. Ол бойынша қаза тапқандар мен жараланғандарды қоса есептегенде, Ресейдің адам шығыны 950 мыңнан асып жығылады.

НАТО дерегі тағы бар. Бұл есепте: Соғыстың үш жылында Ресейдің 250 мың сарбазы мен офицері майдан даласында қаза тапқан. Ал жалпы адам шығыны (жараланғандарын қосқанда) 900 мыңнан асады.

«IISS» – Халықаралық стратегиялық зерттеу институтының дерегінше, майдан даласына жіберілген 376 мың ресейлік ауыр жараланған және мүгедек болған.

Нұргелді  ӘБДІҒАНИ,

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: