Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста эпизоотиялық жағдай қалыпты деңгейде

25.11.2022, 17:20 225

Биыл аймақта эпизоотиялық ахуал тұрақты сақталуда. Сәйкесінше, жыл басынан бері 5 мыңнан астам жануарға 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы  арнайы препарат салынып, алдын ала егу жұмыстары 100 пайызға толық орындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.

– Қазіргі таңда республика бойынша 299 елді мекен аса қауіпті 20 түрлі аурудың қолайсыз ошағы ретінде тіркеліп отыр. Алайда біздің өңірімізде эпизоотиялық жағдай тұрақты деп бағалануда. Биыл жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында 1318,4 мың мал басының қан құрамы тексерілді. Нәтижесінде 99 жануардан аталған ауру анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес залалсыздандырылды. Сонымен қатар бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне енгізілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін «Жасыл дәліз -3»  арқылы 70,5 мың мал басы аталған жүйеге енгізілді. Осыған сәйкес, төрт-түлік саны былтырғы жылға қарағанда 6,0 пайызға өскен. Нақтырақ айтқанда, мүйізді ірі қара саны – 7,6 пайызға, уақ мал – 3,3 пайызға, жылқы – 17,5 пайызға, түйе – 7,7 пайызға көбейді. Былтыр қабылданған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, облыс көлемінде үй жануарларын құтыру және эхинококкоз ауруына қарсы егу жұмыстары да белсенді түрде жүргізілуде, – деді басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: