HALYQLINE.KZ Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Қазіргі таңда облыс бойынша аталған салада 500-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Сәйкесінше, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, әртүрлі санаттағы мұқтаж жандарға оңтайландырылған көмек көрсетілуде. Бүгін атаулы күнге орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Аймақта 9 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы мен басқармаға қарасты 5 медициналық әлеуметтік мекеме бар. Онда 75 мыңға жуық адамға әртүрлі бағытта қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде барлығы 8 үкіметтік емес ұйыммен жұмыс жүргізудеміз. Соның ішінде, 5 психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған6 мүгедектігі бар 45 адам мен 148 балаға арнаулы әлеуметтік көмек берілді. Бүгінгі күні еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағытында Солтүстік өңірлерге 135 отбасы қоныс аударып, 158 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 3 жерлесіміз кәсіпкерлікпен айналысуда. Сондай-ақ, облыста 31 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның 20 мыңнан астамы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиісті көмектермен қамтамасыз етілді. Мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық орындағы қозғалысын жақсарту мақсатында биыл 277 нысанның бейімделуі жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бюджеттік және басқа да қаржы есебінен 128 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Сөзімнің соныңда барша әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймын! – деді басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!