Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың «қазынасына» кім басшылық етеді?

02.06.2020, 18:35 687

HALYQLINE.KZ Дәл қазір Қызылорда облысы қаржы басқармасы басшысының орны бос тұр. Басқарма басшысының міндетін әзірше орынбасары Елена Шаврова атқарып жүрген көрінеді. Жалпы, аталған мемлекеттік мекемеге облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру, жергілікті бюджет бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, сондай-ақ, облыстық коммуналдық мүлікті басқару сынды міндеті жүктелген.

29 мамырда облыс әкімдігінің ресми сайтында облыстық қаржы басқармасы басшысы қызметіне конкурс жарияланған. Хабарламада үміткер құқықтану, есеп және аудит, финанс, мемлекеттік және жергілікті басқару жағынан арнайы білімі болуы тиіс делінген.

Айта кетейік, бұған дейін облыстық қаржы басқармасына Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы басшылық етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: