Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен Қазалы, Жалағаш ауданына барды

17.04.2023, 11:10 509

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімінің орынбасыры Балмейір Сансызбайұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келіп, ауданда биылғы жылы жүзеге асырылатын жобалармен танысты. Облыс әкімінің орынбасарына 2023 жылы Жалағаш кентіндегі жалпы құны 643,6 млн теңгені құрайтын М.Шәменов, І.Нұркенов, И.Панфилов, Мысық би, А.Бектібаев көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, ПМК-09 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі және қосымша 7 көшені күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар дайындалғандығы баяндалды.

Сонымен қатар, іс-сапар барысында аудандық маңызы бар Жаңадария бағытындағы автожолды орташа жөндеу жұмыстары да таныстырылды. Жоба құны – 392 млн тг. Жоба өтпелі. Орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС. Қазіргі таңда Жаңадария бағытындағы автожолдың 10-шақырымы жөнделуде. 17 шақырымдық автожол құрылысы мамыр айында аяқталады.Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы жұмыс сапарымен Қазалы ауданына да арнайы келіп, бірқатар нысандарды аралады. Сондай-ақ, аудандағы жолдың жайымен танысып, жаңа мектептің құрылысын көрді.

Қасиетті өлкенің тыныс-тіршілігімен танысуға келген Балмейір Сансызбайұлы алдымен Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан 250 орындық мектеп құрылысына барды. Достық көшесінің бойында бұрынғы №170 мектептің орнынан бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС құрылысшылары жүргізуде. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтіп, мектепті уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Мұнан соң Әйтеке би кентіндегі Әл-Фараби көшесіне ат басын бұрып, асфальтталып жатқан көшенің жайына қанық болды. Жоба құны – 16,2 млн теңге болатын көшенің жұмысын мердігер мекеме “Қазалы Жолшы” ЖШС атқарып жатыр.

Қазалы қаласы мен аудан орталығы Әйтеке би кенті аралығында тағы бір қарқынды құрылыс бастау алмақ. Ол – халықтық әлеуметтік осал топтарына тұрғынжай сатып алу мақсатында тұрғын үйлер салынуы. Құрылыстың жоспарымен танысып, сәттілік тілеген облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы тұрғын үйлердің алғашқы қазығын қақты.

Биыл Қазалы қаласындағы 15 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүретін болады. Қазір соның төртеуінде қызу құрылыс жүріп жатыр. Балмейір Сансызбайұлы жолдың сапалы болуына және уақытылы аяқталуына баса назар аудару қажет екенін айтты. Мұнан соң «Қарлаң» көпірі құрылысының басына барып, мердігермен жолықты. Негізі Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы төрт жолақты жолды жөндеп жатқан дәл осы “Қарлаң” көпірі құрылысын жасап жатқан мердігер. Облыс әкімінің орынбасары ол мәселенің жайынан да хабар алды. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, екі аралықтағы жол биылғы жылдың шілде айының соңына дейін толық аяқталады.

Аудан бойынша биылғы жылы жүргізіліп жатқан жол құрылыстары қатарында “Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей” аралығының орташа жөндеуіде бар. Балмейір Сансызбайұлы қызу шаруаның басына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Облыс әкімі орынбасарының Қазалыға жұмыс сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пахуадин Шамұратов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов және тиісті бөлім басшылары бірге жүрді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: