Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы Зебешов «AMANAT» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің бекітілген кестесіне сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға партияның атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қатысты.
Өтінішпен келушілер кәсіпкерлік, туристік мақсат үшін жер телімін алу мәселесін сөз етті. Мәселен өзін жалғыз басты ана ретінде таныстырған қала тұрғыны қалалық демалыс паркі алаңында заңсыз сауда жасағаны үшін өзінің үнемі айыппұл төлейтінін алға тартып, заңды сауда жасау мақсатында жер телімі қарастырылса деген өтініш білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары қолдау көрсету жөнінде қала әкімінің орынбасарына ұсыныс берді.
Келесі азамат өңірде туризмді дамытуға бағытталған жобасын таныстырып, оған қолайлы Тасбөгет кентінде арнайы жер телімінің орынын көрсетті. Алайда жауапты мамандармен ол жерді зерделеу барысында су шаруашылығы мекемесіне тиесі екендігі анықталды. Облыс әкімі заңсыздыққа жол берілмейтіндігін түсіндіріп, өтініш иесіне жобаны жүзеге асыруға қолайлы жер телімдерін қарастыруға қолдау көрсету үшін жауапты басқарма басшыларына тапсырма берді.
Қабылдауға Шиелі ауданынан келген азамат Сырдария өзенінің ауданға қарасты бөлігіне көпір салу мәселесін көтерген болатын. Облыс әкімінің орынбасары мәселені жан-жақты талқылап, оған мүмкіндіктің жоқ екенін жеткізді. Сондай-ақ тұрғынның кәсіпкерлікпен айналысу бойынша айтқан өтініші бойынша «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобаларының тиімділігін кеңінен түсіндірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!