Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралады

30.03.2025, 12:30 245

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысын тексерді.

Алдымен «Қызылорда Арена» көпфункционалды кешенін салу белгіленген жерге барып, дайындық жұмыстарын көрді.

Төрт қабатты ғимарат Бейбарыс сұлтан көшесіне орналасады деп жоспарлануда. Кешенде әмбебап және шағын спорт залдары, бассейн, тренажер, сондай-ақ төрешілер, жаттықтырушыларға арналған киім ауыстыратын, тағы басқа қосалқы бөлмелер, душ, конференц-зал болады. Еркін және классикалық күрес, бокс, теннис, таэквандо, самбо мен дзю-доға арналған залдар қарастырылған.

«Қызылорда-Арена» оқу-жаттығуға, жарыстар өткізуге мамандандырылған кешен болады деп күтілуде.

Аймақ басшысы құрылыс барысында сапаға баса мән беруді, бекітілген мерзімде бастап, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Одан кейін Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту барысын көріп шықты.

Өткен жылдан бері осы даңғылдың Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгеті нығайтылып, 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылуда.
Мердігер «УАД» ЖШС бұған дейін 1,2 шақырым кеңейтілетін аумаққа жол салып, асфальт төседі. Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырға, 820 метр жиек тұрғызылды.

Даңғылдың жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі қорғаныс бөгетін нығайту мен 2,9 шақырым автомобиль жолын салу жоспарланған.
Облыс әкімі жолды сапалы салып, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: