Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында Қызылорда облысына келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловпен кездесті. Кездесуде пилоттық негізде өткізілетін аудан әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы Мемлекет басшысының бастамаларын әрқашан қолдайтынын айтты. Асылбек Смағұлов сайлауды ашық әрі заң талаптарына сай өткізудің маңыздылығын атап өтіп, саяси науқан өңірде жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына сенім білдірді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайлау өтетін екі аудандағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дайындық барысын көрді. Әрі қарай екі ауданда жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңеске қатысты. Еске салсақ, 5 қараша күні Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!