Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі комитет төрағасымен кездесті

23.08.2025, 18:38 183

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановпен кездесті. Кездесуде өңірдегі жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игеру, цифрландыру және жер кадастрын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыстың жер көлемі 24,1 млн гектар, оның 2,9 млн гектары — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Мемлекет басшысының пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биылға жоспарланған 60 мың гектардың 43 мың гектары қайтарылды. 2022–2024 жылдар аралығында 460,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның 93,6 мың гектары қайта айналымға енгізілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: