Құрметті Сыр журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Халықтың күнделікті тіршілігі, әлеуметтік әл-ауқаты, руханияты мен қоғам тынысы туралы хабар тарататын қалам иелерінің еңбегі құрметке лайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Журналистер жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға зор еңбек сіңіруде», – деп атап өтті.
Халық пен билік арасына дәнекер болуда, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда БАҚ өкілдері атқаратын міндет ауқымы зор. Сіздер жазған әрбір мақалада, дайындаған сюжетте елдің ойы мен пікірі, талабы мен тілегі айқын көрініс тауып келеді.
Қалың бұқара көтерген мәселелерді жан-жақты зерттей, тереңнен талдай білетін, нақты ақпаратқа ғана сүйенетін журналистер мен жергілікті биліктің бірлікте, ынтымақтастықта жұмыс атқаруы көп түйткілдің шешілуіне жол ашады.
Өңірімізде жүзеге асырылған ауқымды жобаларды, ел мүддесіне бағытталған игі істерді ақпараттандырып, жақсылықтың жаршысы болған аймақ журналистеріне ризашылығымды білдіремін.
Бірлік бар жерде берекелі тірлік болатыны белгілі. Алдағы уақытта да әрбір іске қолдау көрсетіп, аймағымыздың өркендеуі жолында тындырымды тірлік атқара берулеріңізге тілектеспін.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілеймін!
Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!