Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Аманкелді ауылына барды

20.04.2020, 11:04 673

HALYQLINE.KZ –| Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданының Аманкелді ауылына барды. Бұл ауылдың 25 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталған. Олармен жақын қарым-қатынаста болған 119, жанама қарым қатынаста болған 12 барлығы 131 адам оқшауландырылды.
Қарым-қатынаста болғандардың 123-і үй бақылауына шығарылса, 8-і стационарлық бақылауда. Тест сынамалары тексеріліп жатыр.

2 мыңнан астам адам тұратын елді мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ауылға кіреберісте тосқауыл бекеті қойылған. Кіруге және шығуға тыйым салынған. Ауыл көшелерінде де қозғалыс шектелген.


Тұрғындардың тек азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық көмек алу үшін үйден шығуына рұқсат етіледі. Облыс әкімі жағдай тұрақталмайынша, қатаң тәртіп сақтау қажеттігін ескертті. Көпшілік шараларды өткізуге тыйым салды. Аудан және ауыл әкіміне карантин талаптарының орындалуын басты назарда ұстап, елді мекендерді дер кезінде залалсыздандыру, індеттің таралуына жол бермеу тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: