Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды

10.06.2023, 16:56 219

HALYQLINE.KZ

Мәжілістің бұрынғы депутаты, «Ел тірегі» партиясын құруға ұмтылып жүрген Нұржан Әлтаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы болған Абылай Мырзахметовтен пара алып отырған.

«2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлтаев Н.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген хабарламада.

Адвокат Қасеновтың айтуынша, Әлтаевтың пара алғанына іс жүзінде ешқандай да дәлел жоқ.

«Заңды түрде пара беру фактісі тіркелуі керек. Біз мұндайды көрген жоқпыз. Қазір Мырзахметов бір кездері Әлтаевқа ақша аударған деген айыптарды ғана көріп отырмыз», – дейді Қасенов.

Адвокат, мүмкін олар Әлтаевқа қысым көрсетпекші деген пікірде.

«Қазір Қазақстанда «антиресейлік» тақырыбы өте қызу насихатталып жатыр, Әлтаевтың қоғам қайраткері ретінде оны, тіпті насихаттағанын да білеміз», – деді ол.

Қасенов халық «антиресейлік» тақырыпты қозғамас үшін билік «қоғамды қорқытуға» тырысады деп есептейді.

«Ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесулерінен кейін Қазақстанда «антиресейлік» көңіл-күй ашық түрде басылуда. Әлтаевқа қатысты барлық дәлелдемелік база жойылып кетуі мүмкін, бірақ бұл оған психологиялық тұрғыдан әсер етеді», – деп қорытындылады адвокат.

Әлтаев Ресейдің Украинаға әскери басып кіруін ашық сынап, Ресей билігінің өкілдерін «клоундар» деп атаған. Өткен мәжіліс сайлауында депутаттық мандатқа таласпақ болған. 2022 жылдың 12 қазанында Қазақстанның ОСК Нұржан Әлтаевтың кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау рәсімін тоқтатқанын хабарлаған.

Пара беруге қатысы бар Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу 10 мамырда басталды. Ол 30 миллион доллар (13,3 миллиард теңге) пара алды деген күдікке ілінген. Істе пара беруші ретінде олигарх Қайрат Боранбаев аталды.

Әлтаевтың ұсталғаны 7 маусымда белгілі болды. Келесі күні Айнтикор оның «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Мырзахметовтің ісі бойынша айыпталушы екенін мәлімдеді. Экс-депутаттың өкілдері мұндай мәлімдемемен келіспейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: