Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлыбек Нәлібаев: «Әрбір инвестицияның артында жаңа мүмкіндіктер бар»

10.09.2022, 14:31 368

HALYQLINE.KZ Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайловтың төрағалымен өткен жиында инвестиция тарту мәселелері қаралды. Бірқатар министр баяндама жасап, өңірлердегі инвестиция қарқынын тізбектеді.

Үкімет басшысы инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша түбегейлі шаралар қабылдап, шетелдік инвесторлармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

Селектордан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына Үкіметте міндеттелген тапсырмаларды орындау бойынша жиын өткізді.

Өңірде инвесторлар жұмыс қарқыны төмен емес. Келер жылы құны 543,4 млн. долларды құрайтын жылу электр орталығының құрылысын түріктің «Акса Энерджи» компаниясы бастайды. Сондай-ақ, түріктің тағы бір ірі компаниясы аймақта қызанақ өндіретін зауыт салуға ниетті.

Әкімдік биылғы жылға бекітілген 265 млн. доллар шетелдік инвестиция көлемін орындауда жұмыс жүргізуде. 

Аймақ басшысы биылғы жылға 373,5 млрд. теңге көрсеткіш бекітілгенін қаперге салып, ірі инвестициялық жобаларды әкелу қажет деді.

– Жылдың аяқталуына 4 ай уақыт қалды, осы аралықта 216 млрд теңге инвестиция тартуымыз қажет. Сондықтан, қала, аудан әкімдері, бірқатар басқармалар жұмысты үйлестіре біліңіздер. Әрбір инвестицияның артында жаңа мүмкіндік бар. Яғни жаңа мүмкіндік ол ең әуелі жұмыс орындары. Халықтың табысын арттырып, әл-ауқатын осындай ірі жобалармен ғана орындай аламыз.

Әкімдер белсенді түрде инвестиция тарту бағытында жұмыс жасауға тиіспіз. Былтырғы жылы болған бір реттік жобалардың орнын басатын жаңа жобалар табу қажет. Ірі инвесторлармен кездесіп, келіссөздер жүргізіңіздер! Тек нақты нәтиже болуы керек, – деді Н.Нәлібаев.

Жиын соңында облыс әкімі инвестициялық әлеуетті арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: