Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге арнайы барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу бейнежазбасын Кремльдің баспасөз қызметі жариялады.
Бір қызығы, бір сағат бұрын РФ президенті Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Сидзо Абэнің жесірі Акиэ Абэні қабылдапты.
Еске салайық, Назарбаевтың ресми жұбайы Сара Алпысқызының жай-күйі әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. Ал тұңғыш президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева жарты жылдан бері Мәскеуде тұрып жатыр.
Дереккөздердің хабарлауынша, Назарбаев Путиннен бірнеше маңызды сұрақтар бойынша қолдау сұрап жүр.
Ермұрат БАПИ.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!