Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.
Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатылуда.
– Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған», – дейді зерттеушілер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!