Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Adal adam youtube-арнасына берген сұхбатында елдегі әкімдер туралы пікір білдірді.
«Жеке танымаймын, көрген емеспін, алайда Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты іскер әкім деп санаймын. Шаруасына мығым, істі жолға қойған. 2024 жылы Сенаттан Қызылордаға барған депутаттар жақсы баға берді. Мәжілістің аграрлық комитетінің депутаттары да Сыр өңірінде болды, олар да Нәлібаев секілді жұмыс істеп жатқан әкім кемде-кем екенін растап отыр. Оған қоса Нұрлан Ноғаевтың да білікті басшы екенін білемін. Орал, Атырау, Маңғыстау өңірлерін басқарды. Тұлға деп айтуға болады. Ешқашан халық наразылығына ұрынған жоқ. Тұлғалық қасиеттері бар», – деді ол.
Сонымен қатар, депутат Маңғыстау облысының қазіргі әкімі Нұрдәулет Қилыбай да сөзі мен ісі үйлескен басшы екенін, дегенмен тағайындалғанына көп болмағандықтан оған баға беру әлі ерте екенін айтты.
«Әзірбайжан ұшағы Ақтауда апатқа ұшырағанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзін жақсы қырынан көрсеткенін атап өту керек. Ажиотаж кезінде жұмысты шебер үйлестіре білді», – деді депутат.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!