Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев құрбан шалып, үлкендердің батасын алды

14.04.2022, 8:40 494

HALYQLINE.KZ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алғашқы жұмыс сапарын киелі Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ел алдында жүрген зиялы қауым өкілдері мен ардагерлермен кездесуден бастады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуға облыстық мәслихат хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, барлық ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мәслихат хатшылары қатысты.

«Бірлігі жарасқан Сыр елі» атты іс-шара барысында аймақ басшысы ақсақалдар қауымы қашанда елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауға айрықша үлес қосып жүргенін атап өтіп, ел ағаларымен жиі пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін жеткізді.

– Ардақты ағаларым! Қасиетті Рамазан айында киелі Қорқыт бабамыздың басында Өздеріңізбен бас қосқанымызға өте қуаныштымын. Маған үлкен сенім білдіріп, туған жеріме қызмет жасауға мүмкіндік берген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысым шексіз. Өздеріңіздің қолдауларыңызбен алдағы кездерде әріптестерімізбен бірге елдің, Президентіміздің сенімінен шығу үшін осы кезге дейін жинаған барлық күш-жігерімді, білімімді аямай жұмсаймын деп сендіргім келеді, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде ардагерлер қауымы аймақ басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, бүгінгідей киелі жерден бастағанына ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында аймақ басшысы зиялы қауымға алғысын айтып, Президент ұсынған жаңа реформаларды бірге жүзеге асыруға, Жаңа Қазақстанды бірлесе дамытуға шақырды.

Игі іс-шарада құрбан шалынып, аймақ басшысы мемориалдағы мұражайдың жұмысымен танысты. Мұнан кейін облыс әкімі Жосалы кентіндегі «Мәңгілік ел» монументі алдында арша көшеттерін отырғызды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: