Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев: «Халықтың саулығы – мемлекет байлығы»

22.06.2020, 16:45 791

HALYQLINE.KZ

Құрметті қала тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі, бүгінде әлем елдері үшін ортақ індетке айналған COVID-19 пандемиясын жұқтырғындар саны өкінішке қарай, біздің өңірімізде де күннен-күнге артуда. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін маңызды шешімдер қабылданып, тиісті шаралар дер кезінде атқарылуда. Осыған сәйкес, қаламызда пандемияның белең алуына орай карантиндік жүйе күшейтілді.

Ардақты жерлестер, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін бірқатар шектеулер мен шараларды қабылдауға мәжбүрміз. Өйткені, халықтың саулығы – Мемлекет байлығы. Әрбір қала тұрғынының амандығы үшін сақтық шаралар қолданысқа енді. Қаламызда короновирус инфекциясының нақтыланған жағдайларының 7 пайызға өсуіне байланысты инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасады.

Дүйім жұртты дүрліктірген дерттің алдын алуға қатысты қатаң ережелерді мақұлдап, шұғыл шараларды жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет. Дегенмен, тұрғындар тарапынан әлі де бейқамдық байқалады. Жеке бастың қауіпсіздігін сақтап, жақындарыңызға жанашырлық танытудың маңызды екенін ұғынсаңыздар деймін. Қала тұрғындары бірінші байлықтың құндылығын сезінгенгенін қалаймын. Жарқын болашақ пен берекеге толы күндердің куәгері болу үшін де адамға алдымен денсаулық керек. Ол үшін өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңізге бүгіннен жауапкершілікпен қарап, айтылған заңдылықтарға бағынуларыңызды сұраймын. Егер, денсаулықтарыңыздан қандай да бір кінәарат байқасаңыздар дер кезінде медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінгендеріңіз жөн. Қоғамдық орындар мен көпшілік орталарда жиі төбе көрсетуді азайтып, індеттің таралу ошағы мен қауіпті аймақтарға мүлде жоламау керектігін ұсынамын. Мамандардың кеңесіне құлақ асып, қойылған талаптарды қатаң сақтау да аса маңызды. Санитария нормаларын сақтамау салдырының нәтижесінде карантин режимінің қатаң әдісіне куә болуымыз мүмкін.

Құрметті қызылордалықтар, жақындарыңыздың жанында, жылы ұяңызда болу арқылы сіздер аталмыш індеттің алдын аласыздар. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында қоғам үшін маңызды бұл кезеңді де бірлесіп жеңеміз деген сенімдемін!

#ЖақыныңаЖанашырБол

#БізБіргеміз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: