Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұғалім саяси партиялардан тыс болуы керек

14.05.2020, 10:29 557

HALYQLINE.KZ Сайлаудың дүбірі естіле бастаған секілді…

Саясаттан ешкім тыс қала алмайды.

Бірақ көптің баласын оқытатын мұғалім саяси партиялардан тыс болуы керек.

Яғни жекелеген партиядан жоғары тұруы керек.

Мұғалім елімізде заңды түрде тіркелген кез келген партияның халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды көздейтін кез келген бастамасын қолдауына құқылы.

Ал егер мұғалім жеке бір партияға мүше болса, амал жоқ сол партия басшыларының айтқанын жасауға мәжбүр болады.

Партияның жергілікті ұйымының жетекшісі заңды бұйрықпен қатар, ауызша тапсырмалар да беруі мүмкін екеніне 2019 жылғы президент сайлауында куә болдық.

Дауыс ұрлап ұсталған бірер мұғалім үшін Қазақстанның барлық мұғаліміне сөз келді.

Меніңше, мұғалімнің ар-намыс кодексін қабылдайтын уақыт жеткен секілді.

Пара алған мұғалім мен сайлауда дауыс ұрлаған мұғалім кемі 5 жыл мерзімге дейін білім беру мекемелерінде жұмыс істеу құқынан айрылуы керек.

Қоғамдағы дегредацияны тоқтатудың алғашқы қадамы ретінде осы шараны іске асыру керек.

Өмір  ШЫНЫБЕКҰЛЫ,

Facebook-тегі  парақшасынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: